Жаңалықтар

Жаңа әліпбиді үйренейік!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында жаңа әліпбиге көшу туралы нақты тапсырмалар берді. Бұл қазақ мемлекетінің стратегиялық дамуы үшін аса маңызды қадам болып саналды. Сондықтан оқырмандарға қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы дайындаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін ұсынамыз.1-сабақ
«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері»
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді.
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латын негізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:
– тілдің жалғамалылығы;
– тілдің ықшамдалуы;
– тіл дыбыстарының үндестігі;
– дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңды­лықтары мен ерекшеліктері ескерілді.
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі және фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button