Қала тіршілігі

Жаңа жылдық флешмоб

Жаңа жылға қарай елордада қала тұрғындары бірігіп, алты метрлік эко-шырша тоқиды. Флешмобты «Путь мастерства» қоғамдық қоры мен «Берген» әлеуметтік шеберханасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізуде.

«Карантин шектеулері қол қусырып бос отыруға себеп емес. Үйде отырып-ақ шығармашылықпен айналыса аласыз. Біз тоқитын жылы шырша адамдарды біріктіреді. Жаңа жылдық атмосфера сыйлап қана қоймай, 2021 жылды жұмыла қарсы алуға мүмкіндік береді» деді акция ұйымдастырушысы, әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.

Тоқыма жіптен жасалатын жаңа өнер туындысының биіктігі – 6 метр. Әшекейлерді жасауға мектеп оқушылары мен ата-аналар, қарттар үйінің зейнеткерлері, балалар үйлері, қоғамдық қорлар қатысуда. Жоба аясында ең көп жапсырмаларды тоқыған рекорд иесі анықталады.
Жаңа жылға арналған ерекше шыршаның бөлшектерін жасауға сіз де қатыса аласыз. «Бәйтерек» монументінің ішінде 19-25 желтоқсан күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, шырша тоқудан шеберлік сыныптары өткізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button