Қала тіршілігі

Түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Елорда басшысы Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерімен кездесті.

Алтай Көлгінов аудан әкімдіктері мен ТЖД қызметкерлеріне газ баллондар мен пештерді қолдану бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұдан бөлек, кездесуде елордалық ТЖД-ның материалдық-техникалық жабдықтарының әлеуеті талқыланды.
«Өрт қауіпсіздігі ережелерінің назардан тыс қалуы басқа адамның денсаулығы мен өміріне кесірін тигізбеуі керек. Кәсіпкерлер де, жеке сектор тұрғындары да басқаларға қатер төндірмеуді ойлауы керек. Әсіресе мереке күндері кезінде өрт қауіпсіздігіне байланысты шақыртулар саны көбейеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында мамандар 16,5 мың үйді, соның ішінде жекеменшік секторларды аралады. Нысандарды газ баллонын пайдалану жөнінде жоспардан тыс тексеру бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Бір ай ішінде мамандар 165 нысанды тексерді. Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне газ баллонын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік инструктажы жүргізілді.
Аудан әкімдіктері мен ТЖД қызметкерлеріне газ баллондар мен пештерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. Бұдан бөлек, елордалық ТЖД-ның материалдық-техникалық жабдықтарының әлеуеті талқыланды.
2021 жылы қосымша 50 арнайы көлік беріледі. Сонымен қатар тағы 3 жаңа депо-ның жобалық жұмысы жүргізілуде, оның екеуі елорданың тұрғын алаптарында орналасады. Әрі қарай да адам өмірін құтқаратын өрт сөндірушілердің еңбек шартын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button