#Жаңа Қазақстан

Жарқын болашаққа сенеміз

– Осыдан тура бір жыл бұрын елімізде мемлекеттік билікке қарсы жаппай наразылықтар болып, салдарынан төтенше жағдай енгізіліп, қаншама адам қаза тапты. Қиын-қыстау күндерді бастан өткердік, 2022 жылғы қаңтар бәріміз үшін сынақ кезеңі болды.

Елордада Мәжілістің жалпы отырысы қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды… Жиында заңсыздық пен бей-берекетсіздік елдігімізге қауіп төндіргені, Президенттің шешуші іс-әрекетінің арқасында мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандардың арам пиғылы сәтсіз аяқталғаны айтылды. Мемлекет басшысының ұтымды шешімінің нәтижесінде жағдайды тұрақтандыра алдық.

Көп нәрсе өзгерді, ­бұ­рынғы үкімет отставкаға кетті. Президент Қ.Тоқаев құрған жаңа Үкімет елдегі жағдайды тез арада қалпына келтіруге және бұрынғы өмір салтымызға қайта оралуға бар күш-жігерін салды…

Біз Президентімізге толық сенім артамыз және еліміздің жарқын болашағына сенеміз! Бейбіт заманда еліміз гүлдеп, жайнап, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты жыл сайын артуда! Біз әлем тыныштығын жақтаймыз!

Салтанат ҚАЛЕЕВА,

Астана қаласындағы «Ерекше аналар» қоғамдық қорының төрайымы

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button