SportЖаңалықтар

ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕРІ БАҒАЛАНДЫ

«Алматы Арена» кешенінде тоғызқұмалақтан «Айқын» газетінің 13 жылдығына арналған республикалық «Aikyn Media Open» турнирі өтті.

gulmiar

Ұлттық өнерімізді ұлықтаған жарысқа журналистер қауымы белсене қатысты. Ақыл мен тапқырлықты талап ететін тоғызқұмалақ ойынында шын шеберлер жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбеков жеңімпаз атанып, «Эйр Астана» компаниясының екі адам үшін Анталия қаласына дейін ұсынған әуе билеттеріне ие болды. Екінші орынға ие болған СДУ студенті Бақытжан Қаділбек – 100 мың теңге, ал үшінші орынға табан тіреген «Үркер» журналының тілшісі Нұрлан Құмар 50 мың теңге сыйлық алды.
Бір қуанарлығы, осы жарысқа біздің «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет те қатысып келді. Жүйрік журналисіміз тоғызқұмалақ сайысында да жеңіске деген жігерін көрсетіп қайтты. Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен әріптесіміз арнаулы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button