SportЖаңалықтар

БАҚ лига басталды

Астанада футболдан журналистер лигасының жазғы маусымы басталды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан БАҚ лиганың ойындары «Тарлан Арена» спорт кешенінің шағын алаңында өтуде.

ffa_soccerimg_1089

Алғашқы маусымда 11 команда бақ сынаған БАҚ лига бұл жолы тағы 3 командамен толықты. Сонымен, доп додасының жеңімпаздары мына командалардың арасынан анықталады: «ҚР АКМ», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан», «Хабар», «Қазақ радиосы», «Елорда-Ақпарат», «Жеңіс», «Sports 1959», «Хабар-24», «ҚазСпорт», «ҚазМедиа», «Ел арна», «Dixinews.kz», «Астана ТК».
Жаңа маусымның бас­ты жаңалығы – жалпы 13 турға созылатын лигаға қоса, БАҚ кубогы да сарапқа салынады. Кубок матчтары сенбі күні өтсе, лиганың турлары жексенбіде ойнатылады.
Әзірге лиганың екі туры өтіп, нәтижесінде қатарынан екі рет жеңіске жеткен «Егемен Қазақстан», «Хабар-24» және «Елорда-Ақпарат» командалары көш бастап тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button