Қала тіршілігі

Жер жәннаты Жетісу – алақандай саябақта

Елордланың 20 жылдығына орай қалада 20-ға жуық жаңа саябақ, аллея бой көтеріп, қала қонақтары мен тұрғындарына есігін айқара ашты. Солардың бірі – «Жетісу» саябағы.

Шаһардағы бұрынғы «Арай» саябағы толықтай жөндеуден өтті. Қазір жаңарған саябақ «Жетісу» деп аталады. Бір жарым жыл жүргізілген құрылыс жұмыс­тарына 40-тан аса техника мен заманауи технологиялар пайдаланылып, 700-ге жуық маман жұмылдырылыпты.

Алматы облысының елорда мерейтойына тартуы ретінде салынған бақта аталмыш өңірдің құнды жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылып отыр. Жетісудың көрікті жерлерінің барлығы бір саябақтың аумағына сыйып кеткен. Ондағы субұрқақ пен ұзындығы 1,5 км болатын веложол, жүгіру жолдары және спорт құрылғылары мен балаларға арналған ойын алаңдары – астаналықтар мен қала қонақтарының құзырында.

15 гектар жерді алып жатқан саябақ негізгі бес бөлікке бөлінген. Яғни саябақ кіреберіс қақпа, автотұрақ, спорттық ойын алаңы, демалатын орын мен танымдық тарихи орыннан тұрады. Оның әр бөлігі ерекше. Мысалы, тарихи орыннан Шарын шатқалы мен Таңбалы тасты, өңірдегі тауларды, мағыналы мүсіндерді, Алматы апортын, жер жәннаты Жетісудың өзендерін көруге болады. Тіпті мұндағы жолдың өзі Ұлы Жібек жолын бейнелеп тұрғандай.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button