Елорда тынысы

Жылу электр орталықтары жаңғыртылады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жылу электр орталықтарының жұмысы туралы мәлімет берді. 

«Қаламызды жылумен ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қамтамасыз етеді. Осы жылу электр орталықтарына жаңғыр­ту жұмысын жүргіземіз. Сонымен ЖЭО-2-де 7 және 8 қазандықтың құрылысын жобалау ісі жүріп жатыр. Бұл қазандықтар сағатына қосымша 360 гигакалория қуат береді. Сондай-ақ ЖЭО-2 турбинасын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, ол электр қуатын 35 мегаваттқа арттырады.

ЖЭО-1-де үш газ-мазутты қазандығы газға ауыстырылды, өсім – 50 гигакалория, бұдан өзге түтін құбырын ауыстыруды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Сондай-ақ келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясын қолданысқа беруді тапсырдым. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың қазіргі қуатын едәуір арттыруға әрі құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді» деп атап өтті елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button