Мәдениет

Жеңіл атлетшілер жарысы

23 қаңтарда Астана қаласының «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан Astana Meeting World Indoor Tour өтеді.

World Athletics Indoor Tour – 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық орындағы жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы. Серия жабық манеждегі жеңіл атлетика жарыстарының беделін арттыру мақсатында гауһар лигасының үлгісінде жасалған.

Astana Meeting жарыс­тың күміс статусына ие. Бағдарламаға жеңіл атлетиканың 9 түрі енгізілген. Жарыстың әр түрінде, отандық спортшылармен қатар, шетелдік спортшылар бақ сынасады. Жарысқа АҚШ, Португалия, Бразилия, Эфиопия, Марокко, Куба, Барбадос және т. б. елдерден 30-ға жуық спортшы қатысады. Бағдарламаның әр түрінің жүлде қоры 4000 АҚШ долларын құрайды. Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button