Мәселе

Жылы жүзбен қызмет етті

Бір жолы қызуым көтеріліп, қаралуға Астана қалалық №10 емханаға келдім, өзім осы жерге тіркелгенмін. Ішке кірдім. Есік алдында жоғары санатты дәрігер Тілек Тұмарбеков Байдүйсенұлы деген жазуға көзім түсті. Медбикесі – Жазира Еркінқызы.

Кезек көп екен. Күтуге тура келді. Кезекте тұрған бір адамды сөзге тарттым. Амандасып алған соң, аты Сағын екенін білдім. «Бұрын ертеректе емделдім, өте жақсы дәрігер, қолы шипалы, бұдан 2 жыл бұрын емделгенмін. Сосын көп іздеп зорға таптым, 1 ай іздеп жүріп таптым» деп сөзін қысқаша қайырды. Өзі сүйікті дәрігерін тапқанына қуанышты екен.  Әне-міне дегенше кезегім келіп қалды. Медбике Жазира «кіріңіз» деді жылы шыраймен. «Сәлеметсіз бе?»  деп ішке кірдім. Иманжүзді дәрігер Тілек Байдүйсенұлы қан қысымымды өлшеп болған соң: «Салқындағансыз, бес күн ем алуыңыз керек» деді күлімсіреп.  Бес күндей ем-дом алып жүрдім. Күшті дәрігер, білікті маман екеніне көзім жетті. Халықтың ықыласына бөленген жан екенін сол жерде емделіп жатқан жандардан көп естіп, осы мақаланы жазуыма тура келді. Жанындағы медбикесі – Жазира Еркінқызы да мейірімді жақсы жан екен. Жылы жүзбен адал қызмет етті.

Тілек Байдүйсенұлы сынды жоғары санаттағы дәрігерлерге елге көрсетіп жүрген осындай адал қызметі үшін алғыс білдіргім келеді. Елдің елеулі, халықтың қалаулы ұлы болып, емі халыққа шипа болсын деген тілектемін.

                                                         Талғат Сайлау,

ақын, Қазақстан Журналис­тер

одағының мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button