Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

АСТАНА

Астана әуежайында жолаушыларды түсіруге арналған жол желісі орнатылды. Арнайы жол желісі 2018 жылғы 21 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды. Енгізілетін жаңалықтар көлік жүктемесін тиімді басқаруға, орынтұрақ кеңістігін пайдалануды оңтайландыруға және заңсыз тасымалдаушылармен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

«Жас құтқарушы-2018» жас­өспірімдер арасындағы республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Республиканың түкпір-түкпірінен келген 16 жас­қа дейінгі жастар өрт сөндіру, су­ға кеткендерді құтқару сияқты сындардан өтіп, өзара сайысты.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

«Каспийден Ертіске дейін» деп ұрандатқан атыраулық 60 оқушы өлкетану шарасы аясында Баянауылдың киелі жерлерін аралайды. Балалардың демалыс бағдарламасына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне, Жасыбай батырдың ескерткіші мен Жасыбай өзеніне бару, Қоңыр Әулие үңгірін аралау, қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштермен танысу сияқты шаралар енгізілген. Аталмыш шара Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында дүниеге келген қазақтың ақын-жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылып жатыр. Подберите себе бонус коды для онлайн казино и начните игру совершенно бесплатно сразу после регистрации!

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Облыстық орман, аң және балық шаруашылығы саласы ардагерлерінің бір тобы бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына сапарлап қайтты. Өнегелі сапарды Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Әлиев бастаған ұжым ұйымдастырды.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Павлодарда «ERTIS CINEMA» қысқа деректі және көркем фильм­­дердің I халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Тұңғыш рет ұйымдас­тырылған шараға республикаға белгілі кәсіби кинорежиссерлер мен актерлер арнайы қатысты. Үш күнге созылатын кинофестивальде қазақ киносының атасы – Шәкен Аймановтың жерлестері Қазақстанмен қоса, Ресейдің, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Беларусьтің, сонымен қатар, еуропалық кинорежиссерлердің еңбектерін тамашалайтын болады.

СОЛТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Қызылжар ауданына қарас­ты Бескөл елді мекенінде жыл сайын өтетін «Ақбидай-2018» жазғы спартакиадасы жалауын желбіретті. Биыл дүбірлі дода еңселі елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналып отыр. Үш күнге созылатын спорт сайысында өңірдің әр ауданынан келген 1900-дан астам үміткер спорттың 15 түрінен күш сынаспақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button