Жаңалықтар

Алғашқы Snowpark ашылды

Елордада Nur-Sultan Snowpark – snowboard және freeski (жаңа мектептің тау шаңғысы) қысқы экстремал спорт түрлеріне арналған спорттық-жаттығу алаңы ашылды. Бас қаланың ауа райын ескерсек, қала тұрғындары кемі наурыз айына дейін осында еш алаңсыз келіп шаңғымен жүйіткуіне болады.

«Жалпы, бұл алаң сноубордшыларды қолдау үшін жасалған. Бізге жеке-жеке көптеген өтініш келіп түсті, сырғанауға қажет алаң керек болды. Себебі жазда бұл жігіттер скейтбордқа барады, ал қыста жаттығатын орын жоқ. Біз бастаманы қолдап, осындай төбешік салдық. Сондай-ақ мұнда балаларды сноу­бордпен сырғанауға үйрететін мектеп те болады. Жалпы, бұл біздің қаламызға жетіспейтін белсенді қысқы спорт түрі» деді урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Айта кетейік, шаңғы мен сноубордпен сырғанауға арналған жасанды төбешік Қазақстанда алғаш рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылды. Осында сноубордтан өзге шаңғы, шана, конькимен сырғанайтын алаңдар да бар. Сырғанау құралдарын жалға беретін орын да ашық. Бұл орын бірінші кезекте қала жастарының сұрауы бойынша ашылған.

Жаңадан бастағандар үшін сноу­борд алаңында қажетті жабдықты жалға беру жоспарланған, нұсқау­шылар да сабақ беретін болады. Кешке шамдар алаңға жарық беріп тұрады. Осылайша, экстремал спорт әуесқойлары үшін күндіз ғана емес, түнде де сырғанауды ұйымдастыру жоспарлануда.
Nur-Sultan Snowpark Ататүрік саябағындағы жағалауда (Тәшенев көшесі 8 үйдің жанында) орналасқан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button