Жаңалықтар

Еріктілерге грант берілді

ҚР Ұлттық музейінде «Волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған» шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Еріктілердің бастамасын қолдау мақсатында гранттар ұйымдас­тырған болатынбыз. Комиссия 200-ден астам жобаларды қарап шықты. Сондай ерекше бастамалардың бірі – Лидер.кз ұсынған жоба. Волонтерлік ұйым жоғалған адамдарды іздейді. Іздеу жұмыстары үшін оларға дрон, тепловизор, 3 км-ге дейінгі аралықта орын көрсететін рация сияқты көмекші құралдар керек. Осы секілді көп жақсы жобалар келді. Алдағы уақытта волонтерлер өздерінің игі істерін жүзеге асырады деп ойлаймыз» дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Байқау нәтижесінде үздік деп танылған 22 волонтерлік ұйым 300 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды. Басқарма басшысының айтуынша, бұл мақсатқа 6 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Волонтерлік ұйымдар алған қаржылық көмекті өз жобаларын одан әрі дамыту үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды сатып алуға бағыттауы тиіс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button