Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылуда

Нұр-Сұлтан қаласында «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігі» тақырыбында онлайн брифинг өтті. Шараға қалалық «Әділет» білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағымгүл Көптілеуова, «Қолдау» «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фарида Эйвазова қатысты. «Департамент Электрондық үкімет порталы мен Мемлекеттік корпорация арқылы білім беру қызметімен айналысуға лицензия және білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды рәсімдеу қызметтерін көрсетеді. Қызметтерді автоматтандыру тек қана мемлекеттік мекеме үшін ғана емес, халық үшін де өте тиімді. Сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу мен реттеу олардың қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтер тиісті стандарттар мен регламентке сәйкес жүзеге асырылады» деді департамент басшысы Бағымгүл Көптілеуова.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет көрсететін қызметті электрондық нысанда көрсету Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады. «Көрсетілген қызметті алушы орналасқан жеріне қарамастан интернетке кіру мүмкіндігі бар болса, Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметті көрсету талаптары мен тәртібі қағидалар мен стандарттарға сәйкес орындалады. Сонымен қатар, лицензия беру тәртібі үнемі жаңартылып отырады» деп атап өтті ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button