Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Марал БҰҒЫБАЙ, газет оқырманы:
– Құрметті редакция! Менің мынадай сауалым бар: жуырда ақылы еңбек демалысына шығатын едім. Заң бойынша еңбек демалысыммен бірге ем-дом қабылдауға материалдық көмек алуыма бола ма?

Оқырман сауалына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекақы төлеу басқармасының бас сарапшысы Айнұр Ермаханованың жауабын ұсынамыз.
– Бұл мәселе әр қызметкерді жұмысқа қабылдағанда (ол АҚ, ЖШС болсын) берілетін еңбек шартында, ұжымдық шартта анық көрсетіледі. Ең әуелі сол шартты жақсылап оқып шығу керек. Содан соң материалдық көмек аламын деген адам өзі жұмыс істейтін мекеменің басшылығына өтініш беруі керек. Егер де еңбек шартында, мекеменің ішкі ережелерінде материалдық көмек берілетіні жөнінде жазылған болса, онда міндетті түрде төленеді. Әр қызметкердің денсаулығына қатысты берілетін материалдық көмек деген бар. Ол да әр мекеменің ішкі актілерінде жазылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button