Қала тіршілігі

Жаңа онкоорталықты аралады

Астана күнінде қала басшысы Әсет Исекешев Томотерапия және ядролық медицина орталығын аралап, оның жұмысымен танысты. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ жанынан ашылатын жаңа буынның онкологиялық орталығы 2018 жылы қараша айында пайдалануға беріледі.

Жобаның бірегейлігі аталған орталықта «томотерапия» жаңа технологиясы қолда­нылады. Бұл онкологиялық ауруларды емдеудегі жаңа формалардың бірі болып табылады. Атап айтарлығы, ем-дом жасау дәлме-дәл компьютерлік томография тәсіліне негізделген. Мамандардың айтуынша, бүгінге дейін мұндай орталық әлі Азияда салынбаған. Демек, жаңа орталық ісік ауруымен ауырған көптеген жандардың сауығып кетуіне үміт сыйлайтыны анық.
«Аталған жобаның басты мақсаты – халық­аралық стандарттарға сәйкес, онко­логиялық аурулармен ауырған адам­дарға сәулелік терапияның қолжетім­ділігін арттыру бағытындағы кешенді шараларды іске асыру. Мұндай шаралар онкологиялық аурулардың алуан түрлерін емдеуге, науқас үлкендер мен балаларды оқшаулаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді» деп хабарлады емхананың баспасөз қызметінен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button