Астана-20Жаңалықтар

Тақырыптық саябақтар шақырады

Елорданың 20 жылдығы мерекесінің аясында Сарыарқа ауданында бірнеше саябақтар салтанатты түрде ашылды. Солардың бірі – Республика даңғылы мен Ықылас Дүкенұлы көшесінің қиылысында, екіншісі Біржан сал көшесіндегі №5 үйдің жанында орналасқан. Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, Байқоңыр ауданында да бір саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Атап айтарлығы, әрбір саябақтың аумағы абаттандырылған, балалар ойнайтын және спорттық алаңдар бар. Барлық сая­бақтар бұзылған және апатты үйлердің орнына салынған. Сәулеттік құрылымына сәйкес, әр саябақтың қайталанбас стилі бар. Мысалы, оларға «Қиял саябағы», «Шабадан саябағы» деген атаулар берілген. Алғашқысында скейтдром, Эймс бөлмесі, балалар сырғанағы, ойын алаңы көздің жауын алады. «Шабадан саябағы» теміржол вокзалына жа­қын орналасқан, сол себептен шағын сәулеттік формалар шабадан үлгісінде жасалған. Сол жерде балалар теміржолы да бар.
Сондай-ақ, Пушкин көшесінде балалар алаң­қайы, спорттық жаб­дық­тары ор­на­тыл­ған саябақ ашылды. Жергілікті тұрғындар асық атудан жарыс өткіземіз деп мәз болуда. Бұдан бөлек, Ас­тана күнінде тағы 5 сая­бақ ашылды. Олар Әлия Молдағұлова көшесіндегі №19, 21 үйлердің ауданында пайда болды. «Ауыл шаруашылығы саябағы» деп аталған нысандағы балалар ойын алаңы, шағын сәулеттік формалар жануарлар мен өсімдіктер кейпінде бейнеленген. Басқа саябақтар Жеңіс даңғылындағы №36/1, Ілияс Есенберлин көшесіндегі №36 үйдің, Желтоқсан көшесіндегі №2 үйдің жанынан бой көтерді. Барлық саябақтарға канализациялық, инженерлік және су құбыры желілері тартылған. Кейбір сая­бақтарда футбол, бас­кетбол алаңдары қоса салынған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button