Жаңалықтар

Ақша заңдастырғандар алда

Астана қаласы бойынша Мемле­кеттік кірістер департаментінің де­ре­гіне қарағанда, 31 тамызға дейін жер­гілікті орындау органдарында жалпы сомасы 96 865 385 мың теңге болатын барлығы 7 665 өтініш келіп түскен. 

Соның ішінде 59,9 млрд теңгені құрайтын 9 649 тұрғын үй нысаны, 36,9 млрд теңге 10 262 тұрғын үй емес нысан, 22,5 млрд теңгенің 1 073 коммерциялық нысаны болып отыр. Жалпы 32,9 млрд теңгенің 6 938 мүлкі заңдастырылды.

– Қаржыны заңдастыру бойынша да жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 439 322 947 мың теңге көлемінде ақша заңдастырылды. Тағы 1 439 670 мың теңгенің арнаулы есепте тұрған 18 нысаны ресми түрде тіркеліп, тізімге алынды. Бұл нысандардың 10-ы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүліктер болып отыр. Бұлардың жалпы құны 440 846 мың теңге. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі – 458 150 мың теңге. Оның 6 250 мың теңгесі ел аумағынан тыс жерде болып отыр, – дейді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Сәуле Баймағамбетова.

Айта кетейік, жыл басынан арнайы заңға өзгеріс енгізу нәтижесінде бүгінде ақшалай қаражаттарды заңдастыру тәртібі біршама жеңілдеген. Мамандардың айтуына қарағанда, қаржысы мен мүлкін заңдастыру арқылы азаматтар қылмыстық қудалаудан сақтандырылып қоймай, әкімшілік жауапкершіліктен құтылып, салық төлеуден босатылады. Құзырлы органдар мүлкін заңдастырушы азамат жайлы ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етуге де кепілдік береді. Жарияланған субъектілер құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан болуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерден толықтай қорғалған. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу немесе мүлікті және ақшаны жариялауды істе дәлел ретінде қолдануға тыйым салынады. Сонымен қатар, жарияланған мүлік тәркіленбейді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button