Жаңалықтар

ҚҰРБАН ШАЛУ ОРЫНДАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

02

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау үшін құр­бандыққа шалынатын малды соятын арнайы орындар белгіленді.

Қазіргі кезде өңір­лерде адамдар мен жан­уар­ларға жұғатын аса қауіпті аурулар тіркеліп отырғандығын ескере келе, қала тұрғындары мен қонақтарынан мал сатып алу кезінде мұқият болуларын сұраймыз. Малды тек жоғарыда аталған мекенжайлар бойынша ғана сатып алыңыздар. Сатып алу кезінде сатушыдан малға жасалған вакциналар туралы тиісті бел­гілер қойылған ветерина­рия­лық анық­таманы көрсетуін өтініңіз. Екпе жасалған күнге баса назар аударыңыз. Екпе жасалғаннан кейін мал кем де­генде 15 күн карантинде болады. Осылайша, соңғы екпе 15 күн бұрын жасалуы тиіс.

Заңнама нормаларына сәйкес, ішкі сауда объек­тілеріне, со­ның ішінде базарларға сату үшін түс­кен жануарлардан алынатын өнімдер оны та­маққа пайдаланудың қауіпсіз екендігін көрсететін ілеспе ветеринариялық құжаттар болмаса, тәркіленіп, жо­йылады.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт қыркүйектің 12-нен бас­талады. ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айт­тың алғашқы күні – демалыс.

ҚҰРБАН ШАЛУ ОРЫНДАРЫ:

«САЯНҰР» базары, Н.Тілендиев даңғылы, 36, тел.: 8 775 511 19 77;

«АЛТЫН ТАҒА» базары, Қосшы ауылы тұсында, тел.: 8 777 777 59 19;

ЕСЖАНОВА жеке кәсіпкерлік, «Жайлау», Алаш тас жолы, 33-үй («Алаш» базарының артында),
тел.: 8 701 915 64 52, 8 775 597 51 33;

«ТЕМЕШ» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы, 7-ші шақырым, тел.: 8702 198 00 50,
8701 532 44 33;

«НҰРБЕРЕКЕ 555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 («Көк базардың» артында), тел.: 8 701 765 00 05;

«ШАУШЕН» шаруа қожалығы, «Астана-Павлодар» тас жолы, 9-шы шақырымда, тел.: 8 701 424 75 51;

«МАҚСАТ 2007» ЖШС, «Теміржолшылар» тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20, тел.: 8 702 693 33 33;

«METRO» сауда үйі, «Астана-Қарағанды» тас жолы бойында, тел.: 8 707 954 29 45.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button