Сайлау - 2021

Ақтаулықтармен ақжарқын әңгіме

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Ләззат Чинкисбаева, сондай-ақ партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев Маңғыстау облысы Ақтау қаласының жұртшылығымен кездесті.

Өз сөзінде Эльдар Жұмағазиев партияның мақсаты жекелеген қалаларды дамыту ғана емес, еліміздің барлық өңірлерін өркендету екенін атап өтті. «Маңғыстау облысы – бірегей аймақ. Өңірдің аты аталғанда, бірден бұл маңда мұнай өндірілетіні және көп мұнай компаниясы бар екені еске алынады. Солай бола тұра, тұрғындар көптеген проблемаларға шағымданады. Негізгісі – адами капитал, табыс. Біз бұл мәселелерді қалай шешу керектігін білеміз және өз бағдарламамызда нақты шешімдерді ұсынамыз» деді ол.
Эльдар Жұмағазиев өңірлерді дамытудың қолданыстағы стандарттары ескіргенін, сондықтан партия өңірлік саясатты түбегейлі өзгерткісі келетінін және бұл ретте өңірлердің тұрғындары партияларға қолдау көрсетуі тиіс екенін атап өтті. «Бізде еңбекке қабілеттіліктің үлкен коэффициенті бар. Жұмыс орындарын құрайық! Өңірлік бағдарламаларды құрайық! Біз өңірлерді өсіруіміз керек. Күштің бәрі соларда!» деді ол. Сондай-ақ спикер сайлау нәтижелеріне қарамастан, «ADAL» жобалық кеңселері арқылы өңірлер тұрғындарының мәселелерін шешуге қол жеткізетінін айтты. «Сайлаудан кейін де өмір бітпейді және проблемалар ешқайда кетпейді. Сайлау кезеңі бізге мүмкіндігінше көп адамды тыңдау үшін және олардың мәселелерін шешудің тетіктерін жасау үшін беріледі. Біз қазір осымен белсенді түрде айналысудамыз» деді «ADAL» өкілі.
Партия өкілдеріне жолдаған сұрақтарында Ақтау тұрғындары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау салдарынан туындайтын мәселелерді жиі көтерді. Эльдар Жұмағазиев партия сайтынан өңір бюджетінің қалай бөлінетінін біліп, наразылық білдірген жағдайда, бұл туралы партия өкілдеріне айтып беруге болатынын еске салды. «Біз бюджетті орынды пайдалануымыз керек. Халықтың қалағаны – басқа, ал бюджеттің жұмсалуы – басқа. Президент халықты еститін мемлекет туралы айтқан болатын. Осылайша біз өз сайтымызды құрдық» деп атап өтті депутаттыққа үміткер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button