Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

АСТАНА
Қазақстан Республикасының Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаменті «Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» мен «Болашақ» стипендиаттар қауымдастығымен бірлесіп, Астана қаласының «Атамекен» қаласы этно-мемориалдық кешенінің аумағында «Киелі Түркістан» тақырыбында ашық дәріс өтті.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Облыс басшысы Ерлан Қошанов Жезқазған қаласының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке Қайрат Бегімов тағайындалды.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Ауылдықтарға шағын несие беретін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы облыста аумақтық ет кластерін құруға айтарлықтай серпін беріп отыр. Биылғы жылы бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі екі есе ұлғайып, 4,2 миллиард теңге болып белгіленген.

ҚЫЗЫЛОРДА
Облыстық ғылыми кітапханада аяттары шөппен жазылған Құран Кәрім кітабының түпнұсқасы сақтаулы тұр. 1740 жылы Мысырд ағы «Фарухи» баспасында қатталған жинақ 446 беттен тұрады. Кітап мұқабасы арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


Мақаншы ауылында 320 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Әлеуметтік нысанды тұрғызуға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

АҚТАУ
Таяуда Ақтау қаласында бірыңғай үлгідегі сауда нүктелері пайда болмақ. Ол дүкендерде азық-түлік пен жеміс-жидектер сатылатын болады. Мұндай сауда орындары кәсіпкерлердің өз қаржысына салынады.

АТЫРАУ
Қала қонақтары мен тұрғындарға арналған «Киелі Отырардың мәдени мұралары» жылжымалы көрмесі ашылды. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі көрмеде өз қорындағы Х-ХVІІІ ғасырларға тән археологиялық тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық және зергерлік заттар, қару-жарақ түрлері, сонымен қатар Арыстан баб әулие және оның кесенесі туралы тарихи деректемелер көпшілік назарына ұсынылғ ан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button