Жаңалықтар

ПИК жұмысы тексеріледі

Қала әкімі Әсет Исекешевтің құрылыс саласының сапасын тексеру бойынша берген тапсырмасына сәйкес, бес жүзге жуық ПИК-тің жұмысы тексерілуде.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары шаһардағы ең көп шағым түскен 41 ПИК-тің 10-ына ескерту жасаған. Нәтижесінде олардың 7-уі олқылықтарының орнын толтырған. Ал ескертулерді ескермегені үшін «Адал» кооперативі (Республика даңғ., 29) мен «Тұрмыс» ЖШС-тің (187-көш, 18-үй) істері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілсе, «ОЗП «Сайран» ТК» (Кубрин көш., 20/1) кооперативіне айыппұл салынған.

Тексеріс барысында белгілі болғандай, заң бұзушылыққа жол берген пәтер иелері кооперативтері тарифтерді өз беттерінше белгілеп, тұрғын үй пәтер иелерінің алдында тоқсандық есеп жасамаған. Сонымен қатар, оларда нысанның кондоминиумдік тіркеуі, эксплуатациялық шығындар үшін шығыстар сметасы және екінші деңгейлі банктердің ағымдағы шот пен жинағы болмай шыққан. Онымен қоса, төбе жабындысы, үйдің сыртқы келбеті, ішкі инженерлік жүйесі (су, жылу, электр жабдықтаумен қамтамасыз ету) жөніндегі хаттамалары да дұрыс болмаған.

Еске сала кетейік, сервистік компаниялардың қызмет көрсету сапасын бақылау үшін қаламызда «е-КСК» жүйесі енгізілген болатын. Бұл жүйе пәтер иелері алдында қызмет көрсетуші компания мен ПИК-тің жұмыс сапасын, қаржы шығынын ашық көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «е-КСК» арқылы үй иесінің жеке кабинетін ашып, пәтер иелері кооперативі көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс беруге де болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button