Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Алдағы 19-20 қазанда елордада жастардың денсаулығына және сапалы білім алуына арналған ха­лықаралық конференция өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, ха­лықаралық және үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, сон­дай-ақ отандық және әлемнің 37 елінен саяси сарапшылар қаты­сады.

Ақтөбе облысы

Елбасы Ақтөбе облысына барған сапарында аймақтағы бес нысанды аралап, өңірде атқа­рылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Алматы

ҚР Терроризмге қарсы орта­лығының ұйымдасты­руымен Алматы қаласының халықаралық әуежайы аймағында «Дабыл-Антитеррор – 2018» республикалық же­­дел-тактикалық оқу жат­тығуы өтті.

Маңғыстау облысы

Өңірде «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарла­масы негізінде екінші деңгейлі банктермен 1,6 млрд теңгеге 194 өтінім қолдауға ие болды.

Қостанай облысы

Арқалық қаласында бір көп қабатты тұрғын үйді өрт шалып, одан 40 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт шыққан пәтерден 5 бала құтқарылған. Алдын ала болжам бойынша, өрт газ баллоны редукторының ақауынан болған.

Қызылорда облысы

Қызылордада көгалдағы хоккейден ел біріншілігі басталды. Чемпионаттың шешуші айналымында Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Орал, Қаратау, Шу қалаларынан және Сырдария, Қазалы аудандарынан төрт жас ерекшелігі бойынша 7 команда сынға түседі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыс орталығында Қожабер­ген жыраудың еңселі ескерткіші ашылды.

Павлодар облысы

Павлодар қаласында Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Арқаның асыл мұрасы» атты көрмесі өтуде.

Түркістан облысы

Шардара қала­сында алғаш рет «Safari Shardara» халықаралық түйешілердің фестив­алі өтеді. Қонақтар Қы­зыл­құм өңірінің табиғатымен танысып, түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайды. Сон­дай-ақ фестиваль аясында авто­көліктердің құмдағы жарысы мен композициялық «Rock racing» шоуы ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button