Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Ақтөбе
Шалқарда минералды су зауыты ашылды. Енді емдік қасиеті бар шипалы су облыс аумағына ғана емес, басқа өңірлер мен көрші елдерге экспортталмақ.

Батыс Қазақстан
облысы
Оралда «Uralsk Green Forum» атты II халықаралық экология­лық форумы өтті. Шараны «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы ұйымдастырды. Форумға 150-ден астам делегат қатысты.

Қостанай
Бүгінге дейін облыс бойынша егіс науқанының межеленген жоспары 47 пайызға орындалды. Өңір диқандары дала жұмыстарын 3 маусымға дейін аяқтауға ниетті.

Солтүстік Қазақстан
облысы
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алған Самал Еслямованы қабылдап, үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Аймақ орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 62 млн АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды.

Қызылорда облысы
Сыр өңірі еліміздегі кене шағу қаупі жоғары аймақ деп танылды. Бүгінде облыс көлемінде соңғы үш жылда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қолайсыз елдімекендер саны 100-127-ге жеткен.

Жамбыл облысы
Биыл Таразда қоныс той көп болмақ. Осы жылдың екінші тоқсанында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының шартына сәйкес 205 қатысушы жаңа баспанаға қол жеткізеді.

Маңғыстау облысы
Ақтауда бала ұрлап, 1млн теңге талап еткен күдікті қолға түсті. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі ақтаулық тұрғын баласының ұрланғанын және оны қайтару үшін әлдекімнің 1млн теңге талап еткенін айтып арызданғанын мәлім етті.

Шығыс Қазақстан
облысы
Өскеменде белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Біртүрлі ақын» атты шығарма­шылық кеші өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button