Елорда тынысы

Астаналық ардагерлер марапатталды

Елордалық белсенді еңбек ардагерлері құрметке бөленді. Қала әкімінің орынбасары Есет Байкен бір топ астаналық ардагерлерге Астана әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Республика күні аясында өткен іс-шарада елорданың әлеуметтік-қоғамдық іс-шараларына белсенділікпен қатысып, қаланың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бір топ ардагерге Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

– Астаналық ардагерлер ұйымының белсенді жұмыс жүргізетіні қуантады. Құрметті ардагерлер, Сіздердің бұрын да әр салада қаланың дамуына үлкен үлес қосқандарыңыз белгілі. Сондықтан қала әкімдігі сіздермен кездесуге, ақылдасуға әрдайым ниетті әрі құрмет білдіре береді, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Марапат алғандардың қатарында Рафик Аблаков, Амангелді Аширов, Анисья Цой, Нина Богатырева, Шолпан Ақтанова, Лариса Шефаренко және басқалары болды. Сонымен қатар «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісін Марат Мұстафин, Сәуле Махметова, Ақдариға Тұрсынбаева және Майдагүл Ескендірова иеленді. Ал Татьяна Левченко, Сабыр Құсайынов, Рысты Атығаева, Әнуарбек Ералы секілді белсенді ардагерлер республикалық ұйымның Алғыс хатымен марапатталы.

Марапаттау рәсімінен кейін Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев елордадағы ардагерлердің әлеуметтік жағдайына талқылауға арналған «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button