Шаһар шаруашылығы

Табанды ғалым, тағылымды ұстаз

1987 жылдың шілде айында әдебиетші, ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 60 жылдық мүшел тойына орай Целиноград облысының еңбек ұжымдарында оқырмандармен кездесу кештері өткізілді.

Сол басқосуларда Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев әдебиет сүйер жұртшылық алдында жазушы-ғалым Т.Кәкішевтің ширек ғасырдан астам уақыттан бері қазақ әде­биетін зерттеу жолында атқарған елеулі еңбектерін, республикамызда маман кадрлар даярлау жолындағы сіңірген ұстаздық қызметін ерекше атап көрсетті.

Осы сапар барысында ғалым Ақмола қаласына да арнайы аялдап, әдебиет, мәдениет өкілдерімен сырласып, әңгіме-дүкен құрды.

Еңбек жолына көз жүгіртсек, Тұрсынбек Кәкішев те еңбек жолын бір кездері дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин сияқты Ақмола қаласынан бастаған екен. Тіпті болашақ ғалым мектеп бітірген соң, 1944 жылдың сәуір айынан 1945 жылдың қазанына дейін Ақмоланың облыстық театрында актер болған көрінеді.

Суретте облыстық «Арқа ажары» газетінің қарымды қаламгерлері Рамазан Ахметов пен Мәди Хасенов жазушы-ғалым Т.Кәкішевпен Целиноградтағы салт-дәстүрлер сарайының алдында. 1987 жылдың шілде айы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button