Қала мен Сала

Аудандарда не өзгереді?

Жақында Астана қаласының мәслихатында тұрғын алаптардың ахуалын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын талқылау аяқталды. Сонымен, елордада өткен жылы не өзгерді, биыл не өзгереді деген мәселелер нақтыланды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында егжей-тегжейлі ақпарат берді.

«Биыл Сарыарқа ауданында 17 көшеге жарық орнату, сондай-ақ «Көктал-1» (5 көше) және «Агроқалашық» (9 көше) тұрғын алаптарында 14 көшені қоса алғанда, 20 көшеге асфальт төсеу жұмысы жоспарлануда. 2023 жылы ауданда 16 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды, соның ішінде 2900 ағаш, 2 мыңнан астам бұта, 10 мыңға жуық көпжылдық өсімдіктер және 2 мыңға жуық бұтадан жасалған қоршаулар бар. Ауданда 3235 контейнері бар 1047 контейнерлік алаң жасалды. 39 жаңа контейнерлік алаңды қайта жаңалау жұмысы жүргізілді, 93 мекенжай бойын­ша жөндеу жұмыстары атқарылды» деп тізбеледі атқарылған іс-шараларды Е.Каналимов.

Мәслихат төрағасы Сарыарқа ауданының әкіміне көшелерді жарықтандыру мен абаттандыруға, әсіресе ескі ағаштар камералар мен жол белгілерінің көрінуіне кедергі келтіруі мүмкін жерлерге назар аударуды тапсырды. Ерлан Каналимов дұрыс белгіленбеген белгілер бойынша Әкімшілік полиция басқармасы, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қызметкерлерінің, аудандық әкімдіктер мен мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізілетінін мәлім етті.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button