Мәдениет

Басты рөлдердің бірін сомдайды

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрының талантты актері Расул Усманов халықаралық жобада басты рөлдердің бірін ойнайды.

Алдағы 16-31 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласының музыкалық комедия театрының сахнасында француз композиторы Клод-Мишель Шенбергтің «Мисс Сайгон» мюзиклі көрсетіледі. Бұл қойылымды «Қанішерлер балы» мюзиклімен жұмыс істеген голландтық режиссер Корнелиус Балтус жетекшілік еткен топ дайындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған бірнеше кезеңге бөлінген кастингтен әртістердің мықты құрамы жинады. Солардың арасында қазақстандық жас актердің де бағы жанды.
Расул Усманов – танымал кино және театр актері, «Сахнагер-2019» ұлттық театр жүлдесінің лауреаты. Ол аталған мюзиклде негізгі құрамдағы басты рөлдердің бірі – Туиді сомдайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button