Руханият

Екі елді тоғыстырды…

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп, бейнеконференция форматында «Абай оқуларын» өткізді.

Абай атамыздың айтулы мерейтойына арналған онлайн жиынға Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбдірахманов қатысып, ізгі лебізін жеткізді.
– Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай Қазақстан мен Швеция арасындағы академиялық топтар мен әдебиет және өнер саласындағы зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан «Абай оқуларының» салтанатты ашылуы – мен үшін зор мәртебе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көптеген мәселелер көтерілді. «Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» деген ұғым сыртта жүрген дипломаттар үшін өте маңызды деп санаймын» деді елші мырза.
Көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаров данышпан тұлғаның шығармашылығы туралы парасатты ой өрбітті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button