Әлеумет

Бедеулік белең алып барады

Отбасылық-демографиялық ­ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Ол туралы Президент Жолдауында да айтылып, еліміздегі әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отырғанын атап көрсетілген. Арнайы сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы ажырасуға негіз болатын елеулі себеп бедеулік деп санайды. Мұны ескерген мемлекет басшысы бұл мәселенің маңыздылы­ғына көңіл бөлді. Бұл тек қана біздің елімізде емес, бүкіл әлем алдында тұрған күрделі мәселе екенін қоса айтқанымыз жөн. Жақында британ ғалымдары бедеу­ліктің негізгі себептерін анықтады. Оның бір ұшы өмір сүру салтымызға тіреледі екен. Бала туатын жастағы әйелдерді бедеу қалуы, жыныстық тәрбие­нің жоқтығынан, ашық айтқанда сауатсыздығын­да жатыр. Ағылшын ғалымдарының айтуынша, олардың бірін-бірі бірінші рет көріп тұрған бейтаныспен жыныстық қатынасқа түсуінің соңы – ауру жұқтырып, бала туу қабілетіне орасан зор зиянын тигізеді. Ағылшындар айналып өтпеген тағы бір мәселе – әйелдердің жасынан мансап іздеп, қызмет қуып, уақытын жіберіп алуы.
Бұл баршамызға белгілі түйінді мәселе. Жаратылысынан дені сау, дүниеге дені сау сәби әкелуге қабілетті қыздар расында да алтын уақытын жіберіп алады. Тұрмысқа шықса да, алдымен қызмет бабын, жұмыс жағдайын, тұрмыс мәселесін алға қойып, бала көтеруді кейіндете беріп, ақырында бұл бақытқа қолын жеткізе алмай қалып жатады.
Ағылшын ғалымдары осы мәселені шешпек ниетпен егер әйел отызға дейін балалы болса, оған мемлекет тарапынан экономикалық бонус белгілеудің қажеттігін айтып, үкіметке ұсыныспен шығып отыр.
Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде дәстүрге айналып келе жатыр екен. Егер жағдай басқаша шешілмесе, дәл осы фактор ­Еуропадағы демографиялық дағдарыстың басты салдарына айналады. Жұбайлардың сәби сүюіне кедергі келтіретіннің бірі – семіздік екен. Аз қозғалып, қоректі астың кемдігінен, асығыс тіске басар тағамның көптігінен дейді. Айта берсе, сыныққа сылтау көп. Арық қыздардың да ана атануы қиын. Егер арықтық жаратылысында емес, бертін келе салмақты азайтатын, бүгінде сәнге айналған, түрлі дәрілер ішіп, өздерін тамақтан шектеп, қолдан жасалған арықтық болса, бала көтеруі өте қиын.
Жасанды түсік те бедеулікке бастайтын бірден бір дерт. Бұларға қоса ер азаматтар, бала туғызып, тәрбиелейтін шағында қапияда қаза тауып жатады. Бұның әсіресе, біздің елге де қатысы бар. Медицинаның нашар дамуы, кейбір ауруларды алдына алу мүмкіндіктерінің аздығы азаматтардың ажалының тез болуына әсер етуде. Алкоголь мен темекі де адамзаттың өркендеп өсуіне жау екені белгілі.
Бұдан бөлек бүгінгі медицинада «идиопатикалық бедеулік» деген атау бар. Егер жас жұбайлар балалы болуы үшін медициналық ем алып, белгілі бір дәрежеде денсаулықтарын түзесе де, көптен күткен жаңалықтың болмауы, әйелдің бойына бала бітпеуі. Идиопатикалық бедеулік деп осындай жағдайды айтады. Әлеуметтік, психологиялық факторлар да бала сүю бақытын кейінге шегереді. Әйел уайымдап қайғыға берілсе, ата-енесі, тағы басқалары да оны кінәлі көріп, бір жақты қараса, бұл жағдайды ушықты­рып жібереді. Перинаталдық психологтарға қажеттілік те осыдан туындайды.
Жалпы, бедеуліктің халқымыздың санасында қалған ізі бар. Оның жолы да бар болатын. Егер батырлар жырын оқып отырсақ, әулие-әмбиелерді аралап, бала сұрап алғанын білеміз. Бүгінгі күнге дейін де ел ішінде есітіп жатамыз. Бұл да ғалымдар үшін зертету нысанына айналуы тиіс деп ойлаймыз.

МАМАНДЫ ТЫҢДАСАҚ

Бұрындары әйелдер бедеулігімен бұл мәселені түсіндірген кездер болды. Бірақ бүгінгі таңда бұл жағдай өзгерді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әйелдер бедеулігіне бедеулік жағдайы­ның 40 пайызын ғана жатқызуға болады, себебі еркектер бедеулігі барлық бедеулік жағдайының 40-50 пайыз жағдайын құрайды. Әйелдер бедеулігі арасындағы ең көп тараған себептер: жатыр түтікшесінің бітелуі (фаллопиялық), ұрықтану және эндометриоздың бұзылуы. Өкінішке орай бедеуліктің 15 пайызының жағдай себептерін анықтау мүмкін емес, бұл дәрігерлердің түсіндіре алмайтын бедеулікті диагностикалауға мәжбүрлейді.

Бахадыр ТАШПУЛАТОВ,
«Экомед» медициналық орталығының уролог-андролог маманы:

– «Бұрындары бедеулік 40-50 жастан асқан ер кісілерде кездессе, қазір 20-25 жастағы жігіттердің бойынан да табылады. Бұл жастағы ер азаматтар таза ауада серуендеудің орнына таң атқаннан кеш батқанша компьютердің алдында отырады. Оның үстіне ерте жастан шамадан көп спирттік ішімдіктерді қолданып, оған қоса темекі шегеді. Мұның бәрі бедеулікке жол ашады. Кейбір азаматтарымыздың аталық безі дамымай қалады, кейде тіпті, аталық ұрықтың болмауы да мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, бедеулікке көбінесе ерлердің қуық асты безінің қабынуы себеп болады. Мұны дер кезінде емдемесе, ол созылмалы простатитке айналуы мүмкін. Сонымен қатар ерлердің кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсіп, түрлі жұқпалы ауруларды жұқтыруының салдарынан да бедеулікке тап болады. Ең алдымен, төсек қатынасында тазалық ережелерін қатаң сақтаған жөн. Жыныстық жолмен келетін түрлі жұқпалы аурулар еркектің ұрпақ өрбіту қабілетін жоюы әбден мүмкін».

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button