Жаңалықтар

Биыл 677 отбасы баспаналы болады

Биыл қалалық тұрғын үй қорына кезекке тұрған 677 адамға пәтер беріледі. Олардың қатарында соғыс ардагерлері, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар.

Қала әкімдігінде қолға алынған құрылымдық өзгерістерден кейін Тұрғын үй коммуналдық қоры Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарайтын болды. Мекеме басшысының міндетін атқарушы Артем Әбілдинов аталмыш қор тұрғын үй қорының жағдайын бақылауды жақсарту мақсатында құрылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы елордада жыл соңына дейін мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.
«Аумағы 22,58 мың шаршы метр болатын 364 пәтер «Тұрғынүйжинақбанкінің» салымшыларына, 80 пәтер «Қазақстан ипотекалық компаниясының» бағдарламасы бойынша беріледі. Ал көлемі 38 мың шаршы метр болатын 677 пәтер кезекте тұрғандарға үлестіріледі» дейді А.Әбілдинов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button