Жаңалықтар

Тері бұйымдары таңбаланды

Еліміздің нарығында 236 487 тері бұйымдары таңбаланды.

Таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген тері бұйымдары нарығының субъектілер саны 2018 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша 942 салық төлеушіні құрады. Бұл жүйені енгізудің басты артықшылығы тері бұйымдары нарығы айтарлықтай ашық бола бастады. Сәйкесінше нарық туралы объективті көрініс қалыптасты.
Сондай-ақ таңбалау жүйесін енгізу кедендік төлемдер түсімінің өсуіне септесіп, нарықтық субъектілердің жаппай заңдастырылуына оң әсерін тигізді. Биыл 16 шілдеден басталған тері бұйымдарының қалдығын заңдастыру және таңбалау процесі осылайша аяқталды. Кәсіпкерлер белгіленген үлгідегі құжаттарсыз, сәйкестендіру белгілері жоқ тері бұйымдарын өткізе алмайды.
Осыған байланысты сатып алушылардан заңнама нормаларын бұзған және таңбаланбаған тері бұйымдарын өткізген фактілер туралы 1412; 8-800-64-52 нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button