Мәдениет

Болгарияда – Абай барельефі

Болгарияның Свети-Влас қаласында Қазақстан елшілігі мен «Память Болгарии – братьев Диневи» атты қор қолдауымен танымал тұлғалар аллеясында Абай барельефі ашылды.Іс-шараға Қазақстанның Болгариядағы елшісі Теміртай Ізбастин, Болгарияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Соломон Пасси, ­Свети-Влас қаласы әкімшілігінің өкілі, «Память Болгарии – братьев Диневи» атты қорының басшылары Динко және Йордан ­Диневтер, Болгар телеграф агенттігінің төрағасы Максим Минчев, Болгария СІМ жанындағы мәдени орталығының басшысы ­Снежана Йовева, тарихшы және этнограф Стоян Райчевский және отандастарымыз қатысты.
Аталмыш шара барысында елші Абайдың 175 жылдық мерейтойы тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде тойланып жатқанын, бұл игі бастамалар ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына септігін тигізетінін тілге тиек етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button