ЖаңалықтарМәслихат

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ БАЙЫПТАЛДЫ

Астана қалалық мәслихатының Экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында 2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы талқыланды.

byudzhet-schet-bezformata-ru_

Экономика және бюд­жеттік жоспарлау басқар­масы басшысының орынбасары Гүлнар Жүсіпова Сәулет және қала құрылысы, Кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасы, Инвес­ти­циялар және даму басқармасы және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының алдағы үш жылдық бюджеттерінің жобасына талдау жасады.
Баяндамашы алдағы жылдары да шағын және орта биз­нестің өркендеуіне ерекше назар аударылатынын айтты. Осыған байланысты түрлі әкімшілік кедергілерді қысқартып, төлемге қабілетті сұраныс жасап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша тікелей қаржылай қолдау көрсетілетін болады. Егер болжау сандарға сөз берсек, келесі жылы шағын және орта бизнес саласындағы тауар өнді­рі­сінің көлемі 3541 млрд теңгеге жетпек. Бюджетте жоспар­лан­ғандай, кәсіп­керлер үшін белгіленген қаражат банк кредиттері бойынша пайыздық мөл­шерлеменің бір бөлігін субсидиялау, банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру сияқты қаржыландыру көздері ескерілген.
Инвестициялар және даму басқармасы бойынша Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінде 3 417 605 мың теңге жобаланған. Ол үш кезеңде, ағымдағы алты бағ­дарламаның шеңбе­рінде жүзеге асырылады. Аста­наның жаңа елорда ретін­дегі халықаралық беделін көте­руге, оның гүлденуіне, қала­ның инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін қаржы қарастырылған. Туризм қыз­метін жетілдіру үшін де бюджеттен қомақты қаржы жос­парланып, оның көлемі 438 441 мың теңгені құрап отыр.
Сәулет және қала құрылысы басқармасы жергілікті дең­гейде сәулет және қала құ­ры­лысы саласындағы мем­лекеттік қыз­метті жүзеге асы­рады. Осы бағыттағы қыз­меттің шығын­дарын есеп­­теген баяндамашы жос­пар­ланған қаражатқа талдау жасап, алдағы үш жылда иге­рілетін қаржының болжалды нәтижесіне тоқталды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button