ЖаңалықтарҚала тіршілігі

БАРШАҒА ПАЙДАЛЫ ПОРТАЛ

Астанада қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған арнаулы портал ашылды. Бұл ақпарат алаңында ПИК жетекшілері, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің өкілдері, сондай-ақ пәтер иелері өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алатын болады.

25

– Бұл портал арқылы қаладағы тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің, жалпы ТКШ саласындағы проблемаларды ашық талқылауға жол ашылады. Тұрғындар өздерін мазалаған мәселелер бойынша ПИК немесе коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің басшыларына тікелей шығып, орын алған проблемаларды шешуге атсалыса алады. Біздің негізгі мақсатымыз – қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында ақ­парат алмасу жүйесін қалыптастыру, – дейді порталдың құрылтайшысы әрі үйлестірушісі «AstanaOpenCity» ЖШС директоры Руслан Шарипов.
Бүгінде үйлестіруші компания қаладағы ПИК және басқа да қыз­мет көрсетуші компаниялармен келісімдер жүргізуде. Портал қызметі абоненттік төлем жүйесінде беріледі. Бұл төлем әр пәтерден 10 теңге көлемінде белгіленіп отыр. Төлемді қызметті алушы ұйым, яғни ПИК немесе басқа да коммуналдық қызмет көрсетуші ұйым төлейтін болады.
Портал өз жұмысын Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясымен тығыз байланыста жүргізбек. Алдағы уақытта осы порталда қаладағы ПИК, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің, лифт шаруашылықтарының рейтингтері жарияланатын болады.
Түптеп айтқанда, Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жұ­мысын жандандыруға бағытталған пайдалы портал қызметі іске қосылып отыр.
Порталдың мекенжайы: astana.opencity.kz.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button