ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН САБАҚ

Елордада «25 жұлдызды күн» шеңберінде бірнеше салтанатты шараның ұйымдастырылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болды. Соның бірі – №3 мектеп-гимназияда оқушылар арасында «Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз!» тақырыбымен өткізілген достық сабағы.

4

Мерекелік сабақта поляк, неміс, шешен-ингуш, татар мек­теп­терінің белсенділері өнер көрсетті. Балалар отансүй­гіштік және халыққа құрмет тақырып­тарында өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, өз тілдерінде ән­дер орындады.
Елорда тұрғындары мен қонақ­тары үшін ұйымдастырылған ұлттық тағамдар мен тәттілермен толтырылған мерекелік дастарқан, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі мерекенің көркін қыздыра түсті.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде этномәдени бірлестіктердің Қазақстан Рес­публикасының тәуелсіздігі жылдары қол жеткізген жетістіктерінің көрмесі өтті.
Келушілер елордадағы этномәдени бірлестіктердің күнделікті еңбегімен танысуға мүмкіндік алды.
Кездесуде Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтудағы ҚХА-ның рөлі, жастарды патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button