ЖаңалықтарТаным

КӨШЕҢІЗДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

Соңғы 18 жылда Астананың Ономастикалық комиссиясы ауқымды жұмыстарды атқарды. Қаланың географиялық аумағы өскеннен кейін, жаңадан жолдар мен көшелер пайда болды. Сол көшелерге көпшіліктің көңілінен шығатын мағыналы ат беріп, айдар тағу, әрине, оңай емес. Қазіргі уақытта Астана көшелерінің саны 1000-нан асады. 800-ден астам көшеге жаңадан атау берілді. Ендеше, елорда көшелеріне назар салыңыз…

5

Біз осы жолы Айғаным Сарғал­даққызы көшесі туралы айтпақшымыз.
Оның ұзындығы – 967,2 метр. Бұрынғы атауы – Ы2І71.
Бұл көше Шоқан Уәлихановтың әжесінің құрметіне қойылған.
Айғаным Сарғалдаққызы – XIX ғасырда қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері. Абылай ханның келіні, Уәли ханның әйелі.
Өз заманында алты тілді, соның ішінде араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін жетік меңгерген. Шоқан үшін нағыз даналықтың үлгісі болған. Ол – қазақ тарихында өз бетінше билікке қол жеткізген өз заманының қоғам қайраткері, ел басқарған хан, еуропаша білім алып, бірнеше тіл меңгерген, ұрпақ тәрбиелеген тәлімі мол ана, әже ретінде із қалдырған дара тұлға.
Айғаным Сарғалдаққызы көшесі Ұлбике ақын, М.Жагорқызы, Айман-Шолпан, Қыз Жібек, Айша бибі, Тұмар ханым, Ақжүніс, ақын Сара көшелерімен қиылысып, Қорғалжын тас жолында аяқталады.
Көшеде жаңадан тұрғын үйлер бой көтерген.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button