Жаңалықтар

ЖЕҢІСКЕ БАСТАҒАН 25 ЖЫЛ

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!».

4-940x360

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған Елбасының осынау бір сөзі қай уақытта да қан тамырымыздың бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім елдің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Елдік туымыз тігілген үл­кен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсы­лығымыздың да, тыныштығы­мыздың да қиясы, махаббатымыздың ұясы да – Қазақстан.
2016 жыл – Қазақстан Республика­сының өз Тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толатын, ел өміріндегі айшықты жыл. Осы өткен ширек ғасыр уақыт – тарихи дамудың үлкен сатысынан өткен қазақстандықтар Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлеуетті де өркениетті мемлекет құру жолында білек біріктіре еңбек еткен кезең. Халқының мызғымас тұтастығы мен рухының мықтылығы арқасында адам сенгісіз жоғары эко­номикалық даму мен азаматтық келісімге қол жеткізген еліміз мемлекеттік құры­лыстың сапалы жаңа кезеңіне қадам басты. Болашақтың бағдарын белгілеген басым бағыттар Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформада айқын көрініс тапты. Ал әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына ену үшін бірыңғай болашақ ұлт қалыптастыруды көздеген жалпыұлттық «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы Ұлт жоспарының негізі болып қаланды.
Осынау мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-эконо­микалық, әлеуметтік реформалардың бәрі 1995 жылы қабылданған негіз­гі заң – Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары не­гізін­де жүзеге асып жатты. Тұтастай алғанда, тәуелсіздік жылдарында ел­дің заң шығарушы органы 2000-нан аса заң қабылдады, оның 90 пайыздан астамын қазіргі қос палаталы Парламент қабылдады. Қабылданған заңдар мемлекетіміздің тұрақты және орнықты дамуының берік құқықтық тұғырнамасына айналды.
Ел егемендігін алған сәттен бас­тап мемлекет дамуына бағытталған реформалардың өз деңгейінде жү­зеге асырылуын жіті қадағалап, заң­дық негіздерін бақылауда ұстаған, тәуелсіздіктің басты жетістігі және берік іргетасы – ішкі тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтап, жас мемлекетіміздің аяғынан нық тұруына, әлемнің алпауыт елдерімен терезе теңестіруіне тәуелсіздікпен бірге қайта құрылған соттың да қосқан үлесі ұлан-ғайыр. Тәуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды.
1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» Конституциялық заң жаңа дербес мемлекеттің қалыптасуына жол ашты. Әлеуметтік бағдарланған демократиялық және құқықтық мемлекет құруға бағытталған жоспарлы саяси, экономикалық және басқа да қайта құрулар қоғамның заңдық саласын реформалау қажеттілігіне алып келді. Елде орын алған өзгерістер қоғамның ең басты құндылығы ретінде адамды, адам өмірін алдыңғы қатарға шығарды.
Бүгінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды құру, ішкі саяси тұрақты­лық пен қоғам бірлігін сақтау мәселелері ерекше мәнге ие.

С.ЖҰМАҒАЛИЕВ,
Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button