ЖаңалықтарЭкономика

БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлданды. Елорданың басты қаржы құжатының жобасын әкімнің орынбасары Андрей Лукин таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

3

Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді. Соның 219 млрд теңгесі келесі жылға арналған. Қала қазынасының негізгі бабы әлеуметтік сала болып табылады.
Жиын барысында Андрей Лукин алдағы жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптас­тыруға қандай көлемде үлес қоса­тынын хабарлады.
– Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалды. Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе жалпы бюджеттің 41,3% көлемінде жоспарланған, – деп атап көрсетті әкімнің орынбасары. Жалпы сипат­тағы трансферттердің көлемдері туралы заңға сәйкес, келесі жылға арналған бюджеттің жобасында бюджеттің алулары шамамен 20,5 млрд теңге, яғни бүкіл ел болып елорданы салса, енді елорда донор бола отырып, республикалық бюджетке қаржы құяды, – деді қала басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, ол келесі жылы жергілікті бюджет қандай көлемде кіріс алуды жоспарлап отырғанын хабарлап, елорданың жеке кірістерінің басты көзі еңбекақы төлеу қорының салықтық түсімдері екенін атап көрсетті.
Әкім орынбасарының айтуынша, 2017 жылға түсімдер бойынша бюджеттің жобасы жеке кірістер бойынша 212 млрд 550 млн теңге көлемінде бекітілді. Биылға жоспар­ланған бюджетке қатысты өсім – 32,5 млрд теңге немесе 18%. Атап өтерлігі, жергілікті бюджеттің кіріс­терінде салық түсімдерінің үлес салмағы басым: 90-нан 97%-ға дейін. Соның ішінде елеулі үлес еңбекақы төлеу қорының салықтарына келеді: төлем көзінен алынатын кірістерге жеке кіріс салығы – 43% және әлеу­меттік салық – 36%.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button