Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ЖОЛ ЖҮРУ – ТЕГІН

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойы «25 жұлдызды күн» ак­циясының аясында атап өті­луде. Мереке қарсаңындағы баста­маның бірі – қоғамдық көлік­тердің қала тұрғындары мен қо­нақтарын тегін тасымалдау.

2

Тәуелсіздік тойы – әрбір қазақстандық үшін ұлы мереке. Осынау ұлық мерекені жұртшылық жоғары көңіл-күймен атап өту үшін көптеген іс-шаралар қазірден бастап қолға алынуда. Соның бірі –астаналықтар Тәуелсіздік күні қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болып отыр.
Бұл игі шара 16 желтоқсан күні ұйымдастырылады. Жалпы, желтоқсан айында 70-тен аса мәдени-бұқаралық шара өткізілмек.
Бүгінде «I love Astanа», «I love KZ» флешмобтары, әнұранды жатқа айту бойынша конкурс, жалпы респуб­ликалық достық сабағы және көптеген шаралар көптің көңілінен шығып жатыр. 15 желтоқсанда садақ атудан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ар­нал­ған Астана қаласының чемпионаты өтеді. Ал елдің басты шыршасы 18 желтоқсанда жағылады.
Сонымен қатар, Жаңа жыл қарса­ңында астаналықтарға жаппай шаңғы фес­тиваліне қатысуға мүмкіндік бар. Осынау думанға толы айдың үздік құрылысшылары, кәсіпкерлері, педагогтары және ЖОО студенттері айрықша грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button