SportРесми бетРесмиет

Каратэ жастар арасында насихатталып жатыр

Каратэні жекпе-жек түрі ретінде қарайтындар қатты қателеседі. Бұл ең алдымен – шеті мен шегі жоқ өмір философиясы. Оған адамзат тарихында ойып тұрып өз орнын қалдырған киокушин шеберлерінің істері дәлел.

 

Алысқа бармай-ақ өзіміздің спортшыларды алайық. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дегенді өмірлік ұстанымға айналдырған отандық каратэшілер қайырымды істерімен таңғалдырып жүр. Еліміздің Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы өткен жылы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шығыс жекпе-жегінің қыр-сырын үйретті. Яғни Астана, Алматы, Ақмола облысы, Қарағанды облысы және Қызылорда өңірінің бүлдіршіндері осындай керемет мүмкіндікке ие болды. Шара барысында әртүрлі жаттығуларды ойын ретінде ұйымдастырып, каратэнің элементтерін үйретті. Осылайша, ата-ана назарынан тыс қалған өрендердің қоғам назарынан тыс қалмайтынына кезекті рет көз жетті.


Жастарға бұқаралық спортты насихаттайтын бастамалар осымен бітпеді. Отандық каратэшілер елімізде өткен ауқымды халықаралық шараға тағы да балалар үйінің тәрбиеленушілерін әкеліп, жазғы демалыстарын көңілді өткізуге көмектесті. Ал Ақмола облысындағы федерацияның өкілдері «Балаларды мектепке жинайық» деген акцияны бастап жіберді. Дәл осылай белсенділік танытқан жезқазғандық каратэшілер ардагерлерге құрмет көрсетуді жөн көрді. Яғни интернационалист ағаларымызды мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын таратты. Сұрапыл соғыстың естеліктерін тыңдады.
Бұл – отандық Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының шеберлері мен Қор атқарған шаралардың бір бөлігі ғана. Өткен жылдың өзінде осыған мазмұндас 20-ға жуық шара атқарылды. Ал 2018 жылы бұл қарқынды тоқтатпай, тағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар шараларды атқармақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button