Жаңалықтар

Көктем гүлімен, отбасы ана нұрымен көркем

Ардақты аналар! Аяулы апа-қарындастар!

Сіздерді 8 наурыз – Әйелдердің халық­аралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктем гүлімен, отбасы ана нұрымен көркем. Ақ пейілімен ажарланып, көңіл көркімен көріктенген асыл аналарымыздың мерекесін ел-жұрт ерекше қуанышпен қарсы алады. Өйткені әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, тіпті ортақ Отанымыздың мерейі.

Әйел-ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласына да еркін араласып, тамаша табыстарға қол жеткiзiп келедi. Бұл – біз үшін, ерлер қауымы үшін үлкен мақтаныш, биік мәртебе. Өздеріңіздей өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе мығым аналарымыз аман болсын!
Жүректеріңіз әрдайым жылулыққа, бойларыңыз сұлулыққа толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, аяулы ана бақытын тілеймін!

Әсет ИСЕКЕШЕВ,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button