Қоғам

Ана мен бала ескерткіші керек

Мен өзім зейнеткермін. Бұрын экономист болып қызмет істедім. Жасым болса, 80-нен асты. Жақында осы «Астана ақшамы» газетінде көшедегі мүсіндерге қатысты сыни мақалам жарияланған еді. Онда Республика даңғылында тұрған жыртық жолаушы мүсінін сынға алдық.

Енді 8 наурыз – Аналар күні де келді. Осы орайда қала тұрғыны ретінде мынадай ұсыныс айтқым келеді. Елімізде, әсіресе, Астанада ана мен балаға арналған мүсіндер жоқ деуге болады. Есесіне мысалы, қасқырдың, жолбарыстың күмістей аппақ жылтыраған бейнелері секілді мәні аз мүсіндер Нұрлы жол желекжолында орналасқан. Олар да керек болар, бірақ ұлт тәрбиесінде құндылығы жоғары ана мен бала бейнесіне де мүсін керек деп ойлаймын. Қала, аудан басшылары неге бұған назар аудармай отыр?! Алтыннан, қазақ әйелінің екі баланы құшақтаған мүсінін республика музейіне қоюға болмас па еді? Онсыз да қаражат жоғарыдағыдай мәні жоқ нәрселерге жұмсалып жатқан жоқ па?

Социал ҚҰМАРТЕГІ,
«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button