Жаңалықтар

КӨШЕЛЕРДЕ БІРЖАҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС ЕНГІЗІЛЕДІ

Үстіміздегі жылдың 28 мамырдан бастап Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл жобаны Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы мен Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп іске асырады.

Жаңашылдықтың мақсаты – қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту, жолдың жүретін бөлігінің өткізу қабілеттілігін арттыру, көлік ағынының жылдамдығын ұлғайту, жол бойында тұрған көліктер арасында тәртіп орнату. Бекітілген жоспарға сәйкес, біржақты қозғалыс алдымен қаланың келесі учаскелерінде енгізіледі:
• Әуезов көшесі (Республика даңғылынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы – 2,9 км;
• Желтоқсан (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) Учаскенің ұзындығы – 2,0 км;
Ал, осы жылдың 10 маусымынан бас-тап келесі көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі:
• Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы – 4,6 км;
• Кенесары көшесі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы – 4,3 км;
• Янушкевич көшесі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы – 0,7 км.
Жоғарыда аталған жол учаскелеріндегі біржақты қозғалыс жолының жалпы ұзындығы 14,5 км құрайды. Мамандардың айтуынша, елорда көшелеріне біржақты қозғалыс енгізу, кептелісті азайтуға, көлік ағыны жылдамдығын 33 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал жолдың орташа уақыты 20 пайыз төмендейді.
Сонымен қатар, біржақты қозғалыс жобасы мына міндеттерді шешуге септігін тигізеді:
• Көше-жол желісіне түсетін жүктемені бірқалыпты тарату;
• Бағдаршам объектілерін басқаруды оңтайландыру;
• ЖКО болу ықтималдылығын азайту (дағдарысты орындарды азайту);
• Экологиялық жүктемені азайту;
• Қалалық қоғамдық көлік кестесін сақтау нақтылығын арттыру;
• Қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыру.
Айта кетейік, біржақты қозғалысты енгізу қалалық қоғамдық көлік қозғалысы сызбасына әсер етпейді, өйткені, жоғарыда аталған учаскелерде «Bus lane» жеке жолақтары жасалған.
Бұл ретте жол полициясының қыз­мет­керлері бастапқы кезеңде көлік құрал­дарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды.
Қазіргі кезде жоба Еуропаның 32 мем­лекетінде сәтті іске асырылып жатыр. 10 жылдың ішінде біржақты қозғалыс енгізілген көшелер саны 225 км-ден 575 км-ге дейін артқан екен.
Қосымша сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласыңыздар – 574 – 777.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button