Денсаулық

Пайдасы көп арт-терапия

Арт-терапия – (ағылшын тілінен art – «арт» + терапия) терапия үшін өнер мен шығармашылықты қолдануға негізделген психотерапия және психология­лық түзету бағыты. Сөздің тар мағынасында арт-терапия әдетте пациенттің психоэмоционалдық жағдайына әсер етуге бағытталған бейнелеу өнері терапиясын білдіреді.

Арт-терапияның негізгі мақсаты – өзін-өзі көрсету және өзін-өзі тану қабілетін дамыту арқылы психикалық күйді үйлестіру. Өнерді емдік мақсатта пайдаланудың құндылығы мынада: ол әртүрлі сезімдер мен эмоцияларды символдық деңгейде: махаббат, жек көру, реніш, ашу, қорқыныш, қуаныш және т.б. білдіру және оны зерттеу үшін қолданылады.

– Бұл терапия не үшін және ол не береді?

– Эмоциялық күйді тұрақтандырумен қатар, шығармашылық ойлауды дамытады. Бірақ біз оның пайдалы әсер ететін негізгі психологиялық аспектілерін қарастырамыз:

– өз іс-әрекетінің тікелей нәтижелерін байқау арқылы өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділігін арттырады;

– ашық түстерге, ұсақ бөлшектерге, әдеттен тыс пішіндерге және монотонды әрекеттерге бейін қойып, назар аудару арқылы стресс деңгейін төмендетеді;

– өз проблемаларыңызды талдау және оларды шешу жолдарын табу арқылы депрессиямен күресуге көмектеседі;

– тұлғааралық қақтығыстарды ең жақсы шешу үшін сырттан бағалауға мүмкіндік береді;

– өз іс-әрекетінің мотивтерін талдау және құндылықтарды анықтау үшін терең ойлануға ықпал етеді.

Бұл заманда стресс пен депрессиямен күресу үшін көптеген дәрілер мен әдістер ойлап табылды, бірақ бұл кеселді жеңуде арт-терапиядан артығы жоқ.

Арт-терапия – өзін-өзі көрсету арқылы адамның психикалық жағдайын үйлестіруге бағытталған психотерапия мен психологиялық коррекциядағы жаңа бағыттардың бірі. Басқаша айтқанда, күйзелістен немесе депрессиядан құтылу үшін түрлі-түсті бояу қламдарын алып сурет салуды бастау жеткілікті. Арт-терапияны қолдануды алғаш ойлап тапқан британдық суретші Адриан Хилл 1942 жылы әскери госпитальда емделіп жатқан кезде осы әдісті енгізген екен.

Бүгінгі таңда сурет салу арқылы стрестің алдын алу ғылым мен медицинадағы ең шығармашылық жұмыстардың бірі болып табылады. Ол бейнелеу өнеріне негізделген көптеген әдістерді, ассоциативті қатарларды құруды, когнитивтік интерпретацияны және т.б. Арт-терапияны пациенттің салған суреттерін бақылайтын, түзететін және түсіндіретін кәсіби психологтар жүргізеді. Егер сізде қандай да бір мазасыздық немесе психологиялық жайсыздық болса, арт-терапевтердің тәжірибесіне сүйене отырып, сурет салу арқылы жаман ойлардан бірнеше минут ішінде арылуға болады және сонымен бірге бұл жаңа әдістің қаншалықты жылдам жұмыс істейтінін тексеруге болады.

Сонымен, сіз ақ қағаз алып түрлі-түсті қарындаштарды қолға аласыз. Егер бояу қалам болмаса, қарапайым қарындашпен сурет салады. Оған кіріспес  бұрын сарапшылар бірнеше тыныс алу жаттығуларын жасауға кеңес береді (бірнеше тұрақты терең ингаляция және дем шығару), содан кейін жасауға кірісіңіз. Жүйке жүйесін толық тәртіпке келтіру үшін 5-10 минут сурет салу жеткілікті.

Маржан КАЙРАКБАЕВА,

дәрігер-психолог

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button