Әлеумет

Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим орнатқаны туралы ақпарат рас па?

Әлеуметтік желідегі ақпарат – жалған

Арман САПАРБЕК, құрылысшы:

– Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим орнатқаны туралы ақпарат рас па?

Оқырман сұрағына Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми жауабын ұсынамыз:

Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізілген жоқ. Ғаламтор желісінде бұл мәселе туралы таралған ақпарат жалған әрі арандатуға теңеледі.
Қазақстан Қытайдың халық­аралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа дейін ұзарту туралы, сондай-ақ Қытайға барғысы келетін қазақстандықтар үшін дербес виза ресімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button