ЖаңалықтарРесмиет

Қоғамдық тәртіптің жасақшылары

bez-imeni-1ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері Астана әкімдігінің ерекше бақылауына алынған. Қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз ету үшін қала билігі Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, елордадағы криминогендік ахуалды сауықтыру бойынша бірлескен шаралар кешенін әзірледі, оны іске асыруға әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері және полиция органдары тартылды.

Жоспардың маңызды тармақтарының бірі жасақ құру болып табылады. Қоғамдық жасақтың құрамына 2000-ға тарта жасақшы және ішкі істер, төтенше жағдайлар, қылмыс­тық атқару жүйесі департаменттерінің және Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары кіреді. Жасақтарды патрульдік топтар басқаратын болады, олар заңға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында апта сайын бейсенбіден сенбіге дейін 3-4 адамнан тұратын топтармен жаяу патрульдеу жүргізетін болады.
Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бекітілген жоспарды іске асыру үшін бірнеше маңызды сектор бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Атап айтқанда, бірінші кезектегі міндеттердің бірі азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту болып табылады. Бұл үшін елордалық ІІД бастамасымен жасақтар құру, ПИК-термен және тұрғындармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, пәтерлерді заңсыз жалға тапсыруға мониторинг жүргізу жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, жасақшылар үшін айрықша белгілер әзірленді, бұл – қолға таңылатын шүберек, төсбелгі және куәлік.
Сондай-ақ, билік меншікке қарсы, қалта ұрлығы мен пәтер тонаудың жолын кесуге, түсті металл ұрлау, автокөлік айдап әкету сияқты қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударады.
Балалар арасындағы қылмыстардың алдын алу да арнайы қызметтердің ерекше бақылауында. Жүргізілетін жұмыстардың шеңберінде түнгі уақытта ата-анасыз жүрген, компьютерлік клубтарда жүрген балаларды анықтау бойынша рейдтер өткізу, мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру жоспарланған.
Сонымен бірге, алкогольге мас күйі жасалған қылмыстардың және нашақорлықтың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бүгінгі күні нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штаб­тың шеңберінде елордалық ІІД осы қылмыс­тардың жолын кесу бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, қала билігі әлеуметтік мәселелерді де назардан тыс қалдырған жоқ, оларға азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету, тұрмысы төмен отбасылармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізу кіреді. Қалада жол-патрульдік полицияның патрульдеу аумағы кеңейтілді, қала шеттеріндегі  көшелерді және аудандарды жарықтандыру ұйымдастырылды.
Астана қаласының ІІД мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта елордада 280 учаскелік инспектор жұмыс істейді. ЭКСПО өтетін кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген шаралар қажет. Сол себепті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші жасақтар – қаладағы криминогендік ахуалды жақсартуға және сауықтыру үшін қажет қадам дейді қала басшылығы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button