Әлеумет

Сауал – сізден, жауап – бізден

Оқырмандар сауалдарына «Elorda Aqparat» ЖШС заңгері Әсет Қайырхан жауап береді.

Бұрынғы күйеуімнің әкесі кәмелетке толмаған ұлымызға өсиет арқылы пәтер қалдырған болатын. Бала менің қолымда. Ал пәтердің барлық құжаттары бұрынғы күйеуімде. Бұрынғы күйеуім бізді пәтерден қуып шыға ала ма?


Динара КЕҢЕСОВА, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

– «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР заңына сәйкес, баланың заңды өкілдері ата-аналары болып табылады. Олар балалардың мүдделерін білдіреді және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, соның ішінде сотта құжаттар негізінде өздерінің құқықтары мен заңды қорғалатын мүдделерін қорғайды. Сіз жұбайыңыздан бөлек тұрасыз. Егер баланың тұрғылықты жері туралы сот шешімі болмаса, ол ата-ананың қайсысымен тұрғысы келсе – сонымен тұруға құқылы. Сонымен бірге сіздің балаңыз – атасы мұраға қалдырған пәтердің иесі. Сіз заңды өкіл ретінде баламен тұруыңыз керек. Егер неке бұзылмаса, онда сіз заңды түрде некені бұзуға, некені тоқтатуға, баланы өзіңіз алып қалуға және баланың осы пәтерде тұратын жерін анықтауға құқығыңыз бар. Сот отырысының шешімімен баланың әкесінен пәтер құжаттарын ала аласыз.

Мен сақтандыру полисін өзгертіп, сақтандыруды әйеліме жазғым келеді. Бұл мүмкін бе?

Нұрлан ҚАЙРАТҰЛЫ, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

– «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабының 6-1-тармағына сәйкес: «6-1 Сақтандыру полисіне өзгерістер енгізуге жол берілмейді». Сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің 841-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес: «Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандырушы берген сақтандыру полисіне енгізілген талаптар мен ақпарат өзгерген жағдайда, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылады».

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button