Sport

Қатарынан екі рет ұтылды

2020 жылы футболдан өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізген екі ойында да ұтылып қалды.

Бүгінгі таңда ФИФА рейтингі бо­йынша бірінші орында тұрған Бельгия құрамасының Нұр-Сұлтанға келуінің өзін жетістікке балаған жанкүйер қауым шын мәнінде Азар мен Куртуаны, Мартенс пен Феллайниды көргеніне мәз болды. Ал ойын жайында айтсақ, іріктеу турнирінде бірде-бір ұпай жоғалт­пай келе жатқан Бельгия біздің футболшыларды да емін-еркін ұтты. Есеп 2:0 болды.
Ал осыған дейінгі ойында Еуропадағы ортаңқол Кипр командасынан 1:2 есебімен жеңілген еді.
Біздің топта сегізінші турдан кейін Бельгия – бірінші, Ресей құрамасы екінші орында келеді. Ал Қазақстан болса Шотландия мен Кипрді алға оздырып бесінші орынға ығысып, чемпионаттан мүлдем күдер үзді. Артымызда тек бірде-бір ұпайы жоқ Сан-Марино аралы тұр.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button