Ел тынысы

Түзеу мекемелерінен босағандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты келесі жайтты қаперіңізге береді.
«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешіміне сәйкес, әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың өтініші бойынша, босатылғаны туралы анықтама ұсыныла отырып көрсетіледі.
Босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей өтініш беруіңіз керек. Төлем бір уақытта 15 АЕК көлемі мөлшерінде беріледі және қайта төленбейді.
Өтінім беру үшін,сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады:
Бейбітшілік көшесі 9.
Анықтама телефондары: Алматы ауданы 55-01-74;
Нұра ауданы 55-68-40; Есіл ауданы 55-74-50;
Сарыарқа ауданы 55-14-87; Байқоңыр ауданы 55-72-32″, – делінген хабарламада.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button